Ер адам Ақтау қаласында қолға түсті.
ERNUR.KZ. Атырауда әйелді өлтірмек болған күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.
9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991 жылы туған әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдікті ұсталды.
"Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде ер адам Ақтау қаласында ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін аңдып, кіреберісте пышақтап тастағаны хабарланған еді.