​Франция елшісі өскемендік студенттерді оқуға шақырды

0
1 378

Өскеменде Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Франция елшісі өскемендік студенттерді оқуға шақырды

Өскеменде Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала басшылығы елшіге туризм және білім беру салаларында байланыс орнатуды ұсынып отыр. Дипломат бұл ұсынысты құп алатынын жеткізді. Оның үстіне Франция елшісін қала мектептерінде француз тілін қосымша оқытудың мүмкіндіктері қызықтыруда.

«Өскеменге осымен екінші рет келуім. Бұл жолғы сапарымда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, осындағы студенттерге Францияның шетелден келіп білім алушыларға қандай гранттар ұсынатынын айтпақпын. Әзірге біздің елдің гранттарын көбінесе Астана мен Алматының жастары көптеп ұтып алуда» - деді Филипп Мартинэ.

Елші кездесуге қатысқан әкімдік өкілдерін француз әншісі Джойс Джонатанның Өскеменде өтетін концертіне шақырды. Оның айтуынша, Джойс Джонатан өз елінде интернет арқылы танымал болған алғашқы әншілердің бірі саналады.