Газа секторынан эвакуацияланатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды

0
452

Тізімде Қазақстан төлқұжаты бар 122 адам және олардың отбасы мүшелері бар.


Газа секторынан эвакуацияланатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Газа секторының шекаралар мен шекара бекеттері бойынша бас басқармасы қақтығыс аймағынан шығарылатын адамдардың тізімін жариялады. Оған Қазақстан төлқұжаты бар 122 адам және олардың отбасы мүшелері енді, деп жазады sputnik.kz.

Бас басқарма тізімге енген адамдарға бүгін "Рафах" бақылау-өткізу пунктіне жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де (Астана уақытымен 10:00) келу керектігін де ескертті. Барлық адамды өткізу үшін сыртқы залдың өткеліне жинап жатыр.
Бұған дейін сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның 40 азаматы және олардың төрт отбасы мүшесі Газа секторынан эвакуацияланғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстаннан басқа эвакуация жасап жатқан 9 ел бар: Марокко, Иордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланды, АҚШ және Ұлыбритания. Барлығы Рафак өткізу бекеті арқылы 594 адамды өткізу жоспарланған.
"Рафак" өткізу пункті бекетінен кейін қазақстандықтар автокөлікпен Каирге жеткізіліп, қонақ үйге жайғасады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі.