Иесіз қалған пакет жұртты шошытты

0
1 106

Мамандар пакеттің ішінен күдік туғызатын ештеңе тапады, иесі іздестіріліп жатыр


Иесіз қалған пакет жұртты шошытты

ERNUR.KZ. Аялдамадан табылған иесіз пакет Астана полицейлерінің күдігін туғызды, деп жазады Sputnik.

Оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне хабарлағандай, тәртіп сақшылары Кенесары бойында табылған пакеттің ішінде не барын тексерген.

Қалалық ішкі істер департаменті ақпаратты растады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшені қоршауға алмаған. Алайда қауіпсіздік мақсатында аялдаманы қоршапты.

Тексеру барысында мамандар қауіпті ештеңе тапқан жоқ. Пакетте жеке заттар ғана болған. Қазір иесін анықтап жатыр.