Бұл идеяны ауылдардың бірінің белсенділері бастады.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы 10 ауылдың тұрғындары алкогольден бас тартты. Осылайша олар салауатты өмірдің артықшылықтарын көрсеткісі келеді, деп жазады kazinform
Бұл идеяны ауылдардың бірінің белсенділері бастады. Көптеген тұрғындар олардың бастамасын қолдады. Олар жобаны «Ішімдіксіз ауыл» деп атады.
Жобаның басты мақсаты – алкогольді ішімдік ішуге тыйым салу емес, салауатты өмірдің жақсы жақтарын көрсету. Белсенділер ауыл тұрғындарын әртүрлі іс-шараларға тарта отырып, оларды тәуелділіктен арылтуды көздеп отыр. Сондай-ақ оларды отбасындағы жақындарымен бірге көбірек уақыт өткізуге шақырады.
Осылайша басқаларға үлгі көрсетпекші. Жобаға Жаңаарқа ауданының 10 ауылы қатысуда. Көптеген дүкен иелері тіпті алкогольді ішімдіктерді сатуға арналған лицензиядан бас тартты. Бірақ жергілікті әкімдік спирттік өнімдерді сатуға барлық жергілікті кәсіпкерлерге заңнамалық тұрғыда тыйым сала алмайды.
Алайда, жоба қатысушылары оларды осы бастаманы қолдауға шақырады. Айта кету керек, мұның бәрі ерікті негізде жасалады. Мереке және отбасылық іс-шаралар кезінде ауыл тұрғындарының әрекеттерін ешкім бақыламайды. Әркім өзі таңдау жасауға құқылы, дейді жоба ұйымдастырушылары.