Италияда қазақстандық әйел Бишімбаевқа қарсы митингке шықты

0
1 067

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.


Италияда қазақстандық әйел Бишімбаевқа қарсы митингке шықты

ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қарсы митингке шыққандар Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істің адал әрі әділ тергелуін талап етеді, деп жазады ulysmedia.kz.

– Біз өз плакатымызбен шықтық. Тілегіміз біреу ғана: Салтанат Нүкенованың ісі, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбандары (әйелдер мен балалар) үшін сот әділ болуы керек! Сондай-ақ, бұл сұмдық үрдіс ақыры тоқтауы тиіс! – дейді ол.

Туринде Джулия Чекеттин есімді бойжеткеннің қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты тосын шеру өткен еді. Оның денесі шатқалдың түбінен табылған. Басы мен мойнынан пышақ жарақаттары анықталған. Оны бұрынғы жігіті өлтірді деген нұсқа бар.

– Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі белгілі бір қоғамның немесе елдің проблемасы емес. Бұл бүкіл әлемдегі проблема! – деп жазады Динара.

Туринде 22 жастағы бойжеткен 11 қарашада жоғалып кеткен.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.