Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Фото:
ERNUR.KZ. Черногорияда "NeMolchi.kz" қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Таңсәрі әлеуметтік желіде өзін отанына экстрадициялау процесі басталғанша уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын хабарлады.
"Мені жаңа ғана ұстады да, Подгорица полициясына алып келді. Ертең экстрадиция бойынша сот болады. Бұл сот не шешетінін білмеймін, бірақ таңға дейін Черногория полициясында ұстайтындарын айтты", - деді ол.
Бұған дейін Таңсәріге қатысты алты қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу және алаяқтық істері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.