Камалжан Надыров: Коронавируспен күресуге қосымша дәрігерлер мен волонтерлер қажет

0
630

Медицина қызметкерлерін пандемиямен күресуге көмектесуге шақырды.


Камалжан Надыров: Коронавируспен күресуге қосымша дәрігерлер мен волонтерлер қажет

ERNUR.KZ. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров қаладағы жұқпалы және провизорлық ауруханаларда медициналық кадрлар жетіспей жатқанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, пандемия ұзаққа созылды. Төрт айдан бері менің әріптестерім алдыңғы қатарда, тәулік бойы пандемиямен күресуде. Қалыптасқан күш-жігерге қарамастан, жағдай бізден қосымша күш жұмылдыруды, қосымша ауруханалар ұйымдастырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуді талап етеді», - деді Камалжан Надыров.

Оның айтуынша, осыған байланысты медициналық кадрлардың қазіргі және болашақтағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қосымша мамандарды жұмылдыру қажет болып отыр.

«Қазіргі уақытта жұқпалы ауруханаларда, провизорлық стационарларда және зертханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, волонтерлер қажет. Біз медицина қызметкерлерін пандемиямен күресуге көмектесуге шақырамыз», - деді ол.