​Кәмелетке толмаған баланы өлтірген күдікті қамауға алынды

0
608

Ол екі ай мерзімге қамауға алынды.


​Кәмелетке толмаған баланы өлтірген күдікті қамауға алынды

ERNUR.KZ. Атырау облысында 17 жастағы жігіт ауыл тұрғынымен жанжалдан кейін қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға осы жылдың 4 шілдесінде Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылында болды. Бозбала ауыр соққылар алған.
Бұл факт бойынша полиция «абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша күдіктінің әрекеттері «абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қаралып, қамауға алынды.
«13 шілдеде сот оған қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істі тергеу барысы ерекше бақылауда», – деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.