​Қара шатқалдағы аспалы әйнек көпірдің жаңа эскизі таныстырылды

0
87


​Қара шатқалдағы аспалы әйнек көпірдің жаңа эскизі таныстырылды

Фото: Алматы облысы әкімдігі

ERNUR.KZ. Алматы облысында жаңа туристік нысанның жобасы таныстырылды, деп жазады inform.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, инвесторлар Кеген ауданы Қара шатқал туристік аймағында салынатын аспалы әйнек көпірдің жаңа жобасын ұсынды.

Жобаның жалпы құны — 1,5 млрд теңге болады. Ал құрылыс кезеңінде 120 жұмыс орны, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 58 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Нысан толық іске қосылғаннан кейін жылына 400–600 мың турист қабылдай алады.

— Қазіргі таңда автотұрақ пен павильон құрылысына арналған алаңды дайындау және тегістеу бойынша жер жұмыстары аяқталған. Ал жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталмақ, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, 2024 жылы Алматы облысындағы Қара шатқалға ұзындығы 170 метрлік әйнек көпір салынатыны белгілі болды.