Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде бас есепші 90 млн теңге ұрлаған

0
426

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.


Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде бас есепші 90 млн теңге ұрлаған

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллионға жуық теңгені ұрлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына жалақысын аударып отырғаны анықталды.

Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, 13 миллион теңге өтелді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.