ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың басында мерзімі 90 күннен асып кеткен несие сомасы 1,09 трлн теңгеге жетті.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Бұл банк секторының жалпы несие портфелінің 3,05 пайызын құрайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алайда проблемалық несиелердің деңгейі әр банкте әртүрлі.
Мерзімі өткен несиелер үлесі ең жоғары банктер:
- «ВТБ Банк» (Қазақстан) – 10,9%
- «Нұрбанк» – 8,33%
Сондай-ақ жұмыс істемейтін несиелер (NPL) деңгейі жоғары қаржы ұйымдары:
- First Heartland Jusan Bank – 8,0%
- Bereke Bank – 6,8%
- «Еуразиялық банк» – 6,6%
- Kaspi Bank – 5,0%
- ForteBank – 2,9%
Бұл бес банктің проблемалық несиелері 627 млрд теңгеге жетіп, жалпы банк секторының NPL көлемінің 58,3 пайызын алып отыр.
Жалпы, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандық банктердегі 90 күннен астам уақыт төленбеген несиелердің үлесі 3,3 пайызды немесе 1,1 трлн теңгені құрады – өткен аймен салыстырғанда көрсеткіш аздап өскен.