Қасақана қойылған: Атырауда пәтердегі өрттен бір адам қайтыс болды

0
263

Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ, 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды.


Қасақана қойылған: Атырауда пәтердегі өрттен бір адам қайтыс болды

Атырауда құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Атырауда Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 шаршы метр алаңда өрт болды.

"ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ, 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу.