Kaspi.kz "Қазақстан халқына" қорына 10 миллиард теңге аударады

0
880

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады.


Kaspi.kz

ERNUR.KZ. Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе "Қазақстан халқына" қорына 10 миллиард теңге аударады, деп жазады Tengrinews.kz.

Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 миллиард теңге аударады.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.