“Кастетпен ұрған“. Алматыда жаппай төбелес болды

0
87

Полиция департаментінде қақтығысқа қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.


“Кастетпен ұрған“. Алматыда жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Жағдайға полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Telegram-арналардың бірінде төбелес түсірілген видео жарияланды.

"Әлеуметтік желілерде жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Онда бұл оқиға мұз айдынында болғаны айтылған. Біреу жігітті кастетпен ұрған", – делінген жазбада.

Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Алматы ПД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасындағы жанжал тұрмыстық себептермен туындаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Полиция департаментінде қақтығысқа қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.