Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-Министрі келіссөз өтетін залға барды.