Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.
Қазақстанда Президентінің инаугурациясы — ҚР Президенті лауазымына ресми кірісу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оң қолын Конституцияға қойып, халыққа ант береді.
Одан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Мәжітұлы Имашев Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында "Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.