Бұған дейін Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңіп, УЕФА Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!", - деп жазды Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңіп, УЕФА Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алғанын жазған едік.