15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев аралас санатта алтынды жеңіп алған соң, жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтап жеделхат жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.
"Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер!" – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.
15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев аралас санатта алтынды жеңіп алған соң, жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізді.