Қазақстан азаматы мүгедек жанның беліне есірткі байлап, шекарадан алып өтпек болған

0
1 041

Күдікті ірі көлемдегі есірткіні қарапайым пленкаға орап алған


Қазақстан азаматы мүгедек жанның беліне есірткі байлап, шекарадан алып өтпек болған

ERNUR.KZ. Қазақстандық шекарашылар Қордай шекара отрядына қарасты «Қордай-авто» өткізу бекетінен 4 келі есірткі затын алып өтпек болған мүгедек жанды ұстады. 1980 жылғы күдікті әйел Қырғызстан азаматы екен, ол тыйым салынған затты беліне байлап алған, деп хабарлайды almaty.tv.

Күдікті ірі көлемдегі есірткіні қарапайым пленкаға орап алыпты. Шекарашылардың иісшіл иттерін шатастыру үшін пленканың арасына қызыл бұрыш та себілген екен. Алайда, оның бұл әрекетін шекарашылар дереу әшкере қылды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, тумасынан мылқау әйелді Қазақстанның азаматы жалдаған екен. Шекарадан есірткі өткізіп бергені үшін оған 20 мың қырғыз сомын беруге уәде беріпті. Көп ұзамай шекарашылар 1962 жылғы «тапсырыс берушіні» де ұстаған. Ол дереу полиция қызметкерлеріне тапсырылып, үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.