Қазақстан бойынша 450-ден астам мемлекеттік қызметші конкурсқа қатысуға ниет білдірді

0
1 173

​2018 жылғы15 наурызда Республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінім қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 450-ден астам мемлекеттік қызметші конкурсқа қатысуға ниет білдірді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан бойынша 450-ден астам мемлекеттік қызметші конкурсқа қатысуға ниет білдірді

2018 жылғы15 наурызда Республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінім қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 450-ден астам мемлекеттік қызметші конкурсқа қатысуға ниет білдірді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық конкурстың бірінші кезеңін өткізу шеңберінде байқауға қатысушыларды бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды білу бойынша тестілеу қарастырылған.
Барлығы 5 құжат бойынша 50 тестілік сұрақ («Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Қазақстан – 2025», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Президент жолдауы 10.01.2018, «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары) ұсынылған.
Әр бір сұраққа жалғыз дұрыс жауабы бар 5 жауап нұсқасы ұсынылады. Дұрыс жауапқа 2 балл қойылады, ең жоғары саны 100 баллды құрайды.
50 және одан жоғары балл жинаған қатысушылар конкурстың келесі кезеңі – өңірлік әңгімелесуге (өңірлік конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесу) жіберіледі.
Бірқатар облыстарда және өңірлерде су тасқынына салдарынан төтенше жағдай хабарланғандықтан, алыс аудандардағы қатысушылардың қозғалысына қиындық келтіруіне байланысты, ТЕСТІЛЕУДІ ӨТКІЗУ 2018 ЖЫЛДЫҢ
7 СӘУІРІНЕ ауыстырылды.