Қазақстан Қатарды Астана халықаралық форумына шақырды

0
650

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров бастаған қазақстандық делегация Қатардағы БҰҰ-ның Даму деңгейі төмен елдердің V конференциясына (LDC) қатысты.


Қазақстан Қатарды Астана халықаралық форумына шақырды

ERNUR.KZ. Конференция барысында Қ.Омаров Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан бен Саад Әл-Мурейхимен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.

Одан бөлек Сауда және индустрия министрі – жоғары деңгейдегі Қазақстан-Катар комиссиясының тең төрағасы Шейх Мұхаммед бин Хамад Әл-Танимен екіжақты келіссөздер жүргізді.

"Тараптар Астана мен Доха арасындағы екіжақты байланыстардың, оның ішінде жоғары деңгейдегі байланыстардың айтарлықтай қарқындылығын қанағаттанушылықпен атап өтті. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық салаларында тығыз Қазақстан-Катар өзара іс-қимылын одан әрі дамытудың жақсы перспективалары атап өтілді", - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кездесу соңында қазақстандық тарап Қатар делегациясын алдағы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.