Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 1,3 пайызға артқан
ERNUR.KZ. 2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан халқының саны 18 млн 448,6 мың адамға жетіп, өткен жылдың 1 сәуіріне қарағанда 238,8 мың адамға немесе 1,3 пайызға артты, деп жазады 24.kz.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегінше, қала тұрғындарының саны 10 млн 734,2 мың адамды немесе жалпы халық санының 58,2 пайызын, ал ауыл тұрғындары 7 млн 714,47 мың адамды немесе 41,8 пайызды құрайды.