Қазақстан Қытаймен арадағы жолаушылар тасымалының барлық түрін тоқтатты

0
1 191

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қосымша қорғану шаралары қолға алынды.


Қазақстан Қытаймен арадағы жолаушылар тасымалының барлық түрін тоқтатты

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасп.

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады:

  • 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;
  • 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;
  • 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады;
  • ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;

"Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған", - делінген хабарламада.