​Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы өсуін жалғастыруда

0
233

Соңғы бес жылда елдер арасында тасымалданған жүктердің көлемі 48% өсіп, 32 млн тоннаға жетті.


​Қазақстан мен Қытай арасындағы  теміржол тасымалы өсуін жалғастыруда

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. 2025 жылдың қаңтар — сәуір айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% ұлғайып, 11,4 млн тоннаға жетті. Достық шекаралық өткелі арқылы 6,2 млн тонна (өсім5%), Алтынкөл арқылы – 5,2 млн тонна тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 24% артық.

Соңғы бес жылда елдер арасында тасымалданған жүктердің көлемі 48% өсіп, 32 млн тоннаға жетті. 2020 жылдан бастап экспорт 13,7 млн тоннаны (өсім 25%) құрады, бұл ретте астық экспорты екі еседен астамға — 700 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайды. 2024 жылы 3,3 млн тоннадан астам астық жүктері, оның ішінде 1,8 млн тонна астық және 1,5 млн тонна қайта өңдеу өнімдері экспортталды, оның 600 мың тоннасы ұн және басқа да ұнтақтау өнімдері (2023 жылға қарай+30%), ал 900 мың тонна — құрама жем (өсім 2023 жылмен салыстырғанда 5 есе 2023 жыл).

"ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру үшін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды белсенді іске асыруда. 2024 жылы 1,4 мың шақырымнан астам жол жөнделіп, Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал және Алматы станциясын айналып өтуді қоса алғанда, 1 мың шақырымнан астам жаңа жолдардың құрылысы жалғасуда. Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылады. 2024 жылы Сиань қаласының Құрғақ портында қазақстан-қытай терминалы іске қосылды, соның арқасында ТХКБ бойынша транзит көлемі 30 есеге өсті. ҚТЖ сонымен қатар Қытаймен шекарада инфрақұрылымды кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Үшінші шекаралық өткелдің құрылысы жүргізілуде, ол қолданыстағы өткелдердің жүктемесін түсіруге мүмкіндік береді және тасымалдау көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.