Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді талқылады

0
91

Тараптар АӨК саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.


Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді талқылады

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда, деп жазады sputnik.kz.

Астанада Қазақстан мен Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрлері Айдарбек Сапаров пен Оксана Лут кездесті. Тараптар АӨК саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
"Қазақстан мен Ресей-ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша стратегиялық әріптестер, бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен онда ерекше орын алады. Бүгінгі кездесу - өзекті мәселелерді нақты талқылауға, ынтымақтастығымызды одан да нәтижелі ету үшін бар кедергілерді жою үшін шешімдер іздеуге ден қоюға тамаша мүмкіндік", - деді Айдарбек Сапаров.
Ол кездесудің ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңыздылығын атап өтіп, ҚР мен РФ өз аумақтарында тауарлардың едәуір көлемінің транзитін қамтамасыз ететінін, соның ішінде астық бойынша айтылды.
"Бірлескен күш - жігермен біз экономикалық байланыстарды тереңдетіп қана қоймай, өзара іс-қимылдың жаңа деңгейлеріне шыға аламыз, бұл біздің фермерлер үшін де, тұтынушылар үшін де тиімді болады", - деп қосты министр.