Қазақстан – ТМД-дағы такси қызметі ең қымбат елдердің бірі

0
445

Қазақстанда такси қызметінің құны 1 шақырымға есептегенде 0,32 АҚШ долларын құрады.


Қазақстан – ТМД-дағы такси қызметі ең қымбат елдердің бірі

ERNUR.KZ. Numbeo мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 6 қазанындағы жағдай бойынша 1 км-ге есептелген такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Пәкістанда (0,18 АҚШ доллары) тіркелген, ал ең жоғарғысы – Швейцарияда (3,93 АҚШ доллары), деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанда такси қызметінің құны 1 шақырымға есептегенде 0,32 АҚШ долларын құрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-ші орында тұр. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда такси қызметтері Әзербайжан мен Ресейде қымбатырақ, Беларусь, Өзбекстан, Молдова және Арменияда арзанырақ.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы 3 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын 2,8 млрд теңге болған еді.

Сектордағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында (1,3 млрд теңге) тіркелген. Бір жылда 37,3%-ға артқан. Көшбасшылар үштігіне елорда (728,7 млн тг, бір жылда 4,4%-ға азайған) және Алматы (499,6 млн тг, бір жылда 27,1%-ға азайған) кірді. Ең аз табыс Шығыс Қазақстан облысының таксопарктерінде байқалды. Небәрі 0,4 млн теңге табыс тапқан.

Жыл басынан бері 1,4 миллиард жолаушы такси қызметін пайдаланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға көп. Жолаушылар айналымы бір жылда 8,7%-ға, 20,7 млрд км-ге дейін өсті.

2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша такси ақысының құны бір жылда 9 пайызға өскен.

Өңірлік бөліністе Жетісу облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінген. Мұнда такси қызметінің құны бір жылда 37,7%-ға артқан. Сондай-ақ көшбасшыларр үштігінде Алматы және Абай облыстары бар. Онда такси ақысының құны тиісінше 28,1% және 21,2%-ға қымбаттаған.