"Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін 2024 адам, QazVac – 40 адам, Hayat-Vax – 140 адам, Coronavac – 6 адам корнавирус жұқтырған.
ERNUR.KZ. Екі мыңнан астам қазақстандық вакцина алғаннан кейін коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Бүгінде вакцина алғаннан кейін ауырғандар саны – 2 212. Оның ішінде бірінші компонеттен кейін 1308 адам, екінші компоненттен кейін 904 адам індетке шалдықты", - деді ол брифингте.
Есмағамбетова науқастар қандай вакцинадан кейін вирус жұқтырғанын нақтылады:
- "Спутник V" – 2024 адам;
- QazVac – 40 адам;
- Hayat-Vax – 140 адам;
- Coronavac – 6 адам.
"Қазіргі таңда шамамен төрт миллион адамға екпе егілді. Яғни вакцина алғандармен салыстырғанда ауырғандар саны небәрі 0,05%-ті құрайды", - деді Есмағамбетова.