Қазақстанда 34 блокбекет қойылды

0
2 362

290 карантин нысанын қоршалды.


Қазақстанда 34 блокбекет қойылды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 34 блокбекет қойылғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Министрлік бұрынғы режимде елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларының сақталуына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда жекелеген өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің шешімдері негізінде 15 блокбекет қойылды. Алматы облысында - 9, Қостанай облысында - 4, Ақтөбе облысында - 2 және Атырау облысында 4 блокбекет бар. Карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылды. 290 карантин нысанын қоршалды", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.