Пластикалық хирургияға оқыту қаладағы 4 клиника базасында өткізіледі.
ERNUR.KZ. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде пластикалық хирургия кафедрасы ашылды. Резидентура курсына және біліктілікті арттыруы үшін студенттер қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz.
Пластикалық хирургияға оқыту қаладағы 4 клиника базасында өткізіледі: Promoitalia клиникасы, №4 қалалық клиникалық аурухана, «Оқжетпес» пластикалық хирургия орталығы, Пластикалық және реконструктивтік клиника.