Қазақстанда алғаш рет сталкинг жасағаны үшін ер адам сотталды

0
79

Елімізде 20 тамызда ҚР ҚК-нің жаңа 115-1-бабы "Сталкинг" айыбы күшіне енді.


Қазақстанда алғаш рет сталкинг жасағаны үшін ер адам сотталды

Фото: shutterstock.com

ERNUR.KZ. Атырау облысында алғаш рет осындай қылмыс тіркеліп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Өткен аптаның сенбісінде белгісіз ер адам әйелдің үйінің терезесіне барып, оғаш қылықтар жасаған. Сот оны "кішігірім бұзақылық" деп бағалап, оны 60 сағат қоғамдық жұмысты тағайындады.

Жәбірленуші бейнебақылау камерасының жазбаларын көрсетті.

Белгілі болғандай, ер адам басқа әйелдердің де үйлеріне барғаны анықталды. Ресми түрде ол ешкімге тиіспеген, сондықтан оны "азғындық әрекет" деп саралау мүмкін емес.

Есесіне полиция жүйелі аңдудың белгілерін көріп, істі қайта саралады. Енді сталкинг үшін ер адам 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады, ірі айыппұл салынады немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.