Қазақстанда аса ауыр қылмыстар алқабилер сотының қарауына өтті

0
447

Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді. Түзетулер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр.


Қазақстанда аса ауыр қылмыстар алқабилер сотының қарауына өтті

ERNUR.KZ. Сенат отырысында "ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заң екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп жазады tengrinews.kz.

Қабылданған заңда алқабилер сотында Қазақстандағы қылмыстық істер көбірек қаралатыны айтылды. Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді. Түзетулер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2019 жылғы 27 желтоқсандағы заң аясында алқабилер соты қарайтын істер тағы 16 құрамға көбейтілді. Осы орайда келесі жылдан бастап алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстардың 31 құрамы қаралатын болады. Ал бүгін қаралып жатқан заң жобасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алқабилер қарайтын істерді кеңейту және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 13 ауыр қылмыс құрамын беру ұсынылды.

Бұл Қылмыстық кодекстің:

  • 116-баптың 2, 3-бөліктері (адамның дене мүшелерін заңсыз алу);
  • 146-баптың 2, 3-бөліктері (азаптау);
  • 249-баптың 2-бөлігі (рейдерлік);
  • 317-баптың 4-бөлігі (медициналық қызметкердің әрекеттерінен абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу);
  • 335-баптың 4-бөлігі (балықты заңсыз аулау);
  • 337-баптың 4, 6-бөліктері (ауыр салдарға әкелген заңсыз аң аулау);
  • 345-баптың 4-бөлігі (көлік құралын басқарғанда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы);
  • 345-1-баптың 4-бөлігі (көлік құралын мас күйде басқарып екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы);
  • 346-баптың 5, 6-бөліктері (көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйде көлік басқарғанда адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы).