Балық бағасы өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға өскен.
ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа ауланған балықтың бағасы жыл ішінде 14%-ға, мұздатылғаны 20%-ға, тұздалған және ысталғаны 16%-ға қымбаттады, деп жазады 7kun.kz.
Қазақстандық балықшылар алты айда 10,9 мың тонна жаңа салқындатылған немесе мұздатылған балық (2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 20,9%-ға кем), сондай-ақ 4,3 мың тонна өңделген немесе консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырғыштар (өткен жылдан 25,2%-ға кем) өндірді.
2019 жылдың төрт айындағы мәліметтер бойынша, балық өнімдеріне сұраныстың 59,2%-ын импорт қамтамасыз етті. Экспорт бір жылда 14,5%-ға ұлғайды, ал ішкі тұтыну жыл ішінде 22%-ға қысқарды.
Бұл ретте ағымдағы жылдың маусым айының соңында жаңа ауланған және салқындатылған балықтың орташа бағасы килограммы үшін орташа 742,6 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артық. Мұздатылған балық — 1 082,1 теңге, бұл 2018 жылға қарағанда 20,3%-ға көп.
Тұздалған және ысталған балықтың бағасы бір жыл ішінде 16%-ға, килограммы үшін 1576,2 теңгеге дейін, ал майшабақ 5,5%-ға 891,2 теңгеге дейін қымбаттады. Балық консервілері жыл ішінде 10,8%-ға, 617 теңгеге дейін өсті.
Ең қымбат жаңа ауланған (салқындатылған) балық бағасы Атырау қаласында (балық өнеркәсібінің ірі компаниялары орналасқанына қарамастан) — 1 105 теңге, Алматы қаласында — 1 068 теңге және Орал қаласында — 903 теңге тіркелді. Ең арзан балықтар — Палодарда, 443 теңге.