Бірнеше министрлер өз орындарында қалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше министрлікте министрлер тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
1. Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.
2. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.
3. Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.
4. Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Булатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.
5. Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.
6. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.