Былтырғы 1 қазанға қарай Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрған.
Фото:Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Кейінгі екі жылда Қазақстан картасынан 80 ауыл жойылып кетті. Бұл туралы Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Мәжіліс депутаты ресми деректерге сүйене отырып, былтырғы 1 қазанға қарай Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрғанын айтты.
"Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бүгінде Қазақстанда 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы олардың саны 6286 болған. Осылайша, бар болғаны екі жыл ішінде 80 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр қазақстандық ауылдардағы көші-қон сальдосы минус 111 400 адам болған", – деді Дайрабаев.
Депутаттың айтуынша, бұл – соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
"Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда, барлық өңірде көші-қон сальдосы нөлден төмен болды. Әсіресе, Түркістан облысындағы жағдай алаңдаушылық тудырады, бұл өңірден 29,2 мың адам көшіп кеткен", – деді мәжілісмен.