Қазақстанда кафе мен мейрамханаға бару қымбаттады

0
689

Сарапшылар қоғамдық тамақтану қызметтері айына 4%-ға және жылына бірден 14%-ға қымбаттағанын мәлімдеді.


Қазақстанда кафе мен мейрамханаға бару қымбаттады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Дегенмен ТМД елдерінің арасында Қазақстандағы көрсеткіш ең нашары емес, деп жазады zakon.kz.

Кафе мен мейрамханаға бару өңірлер арасында Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: бір айда 12,1%-ға көтерілген.

Көшбасшы үштікке Нұр-Cұлтан мен Жамбыл облысы да кірді. Еліміздегі 17 облыстың ішінде тек Алматыда, сонымен қатар Алматы және Павлодар облыстарында баға өзгерген жоқ, – делінген Finprom.kz хабарламаcында.
Жыл сайынғы динамика бойынша бағаның ең күшті өсуін елорда тұрғындары (бірден 36,7%), сонымен бірге Түркістан (29%) және Ақмола (22,3%) облыстарының тұрғындары сезінді. Ең аз жылдық баға өсімі Алматыда тіркелді, жылына 3,8%-ға.

Бір айда мейрамханадағы түскі ас 0,2%-ға, фаст-фуд 0,9%-ға, асханадағы түскі ас 5,7%-ға өсті. Жылдық динамика бойынша фастфуд 11,4%-ға, мейрамханадағы түскі ас 12,6%-ға, асханадағы түскі ас 15,7%-ға қымбаттады.

Басылым ТМД елдері арасында салыстырмалы түрде арзан мейрамханалар мен фастфуд дүкендеріне бару Ресей тұрғындары үшін ең қымбаты екенін мәлімдеді.

Биыл төртінші тоқсанда әр қазақстандық сыртта тамақтануға орта есеппен 2,7 мың теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 36%-ға артық. Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде сыртта тамақтану құны жан басына шаққанда 2 мың теңге болды, жылына минус 31,9%.