Қазақстанда киік етінің бағасы белгіленді

0
131

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров еттің нақты бағасы 10 күн ішінде анықталатынын айтқан еді.


Қазақстанда киік етінің бағасы белгіленді

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің бағасын жариялады. Киік етінің бір келісі 1600 теңге деп белгіленген, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров еттің нақты бағасы 10 күн ішінде анықталатынын айтқан еді. Сондай-ақ ол бұл жұмысты экология министрлігі үйлестіріп отырғанын еске салды. Қазіргі таңда елде 18 ет өңдеу кәсіпорны тіркелген, киік еті сол мекемелерге жеткізіледі, ал өнім сапасын ветеринар мамандар бақылайды.

Бұған дейін Батыс Қазақстанда жүздеген киікті қырып тастаған болатын. 1 қыркүйекке дейін тек аталық киіктерді атылып жатыр, кейін аналықтар мен төлдерді де қырып тастамақ.