Қазақстанда колледжге грантқа түскендер саны рекордтық көрсеткішке жетті

0
571

ТжКБ ұйымдарына барлығы 183 мыңнан астам адам оқуға түсті.


Қазақстанда колледжге грантқа түскендер саны рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. 125 мың қазақстандық еліміздің колледждерінде оқуға грант алды. Осылайша, биыл грант иегерлерінің саны рекордтық көрсеткішке жетіп, былтырмен салыстырғанда 45 мыңға артты, деп жазады ulysmedia.kz.

ТжКБ ұйымдарына барлығы 183 мыңнан астам адам оқуға түсті.

Оқуға түскен студенттердің көпшілігі инженерия, білім беру, құрылыс, туризм, қонақ үй бизнесі және т.б. салаларды таңдады.

Құжаттарды қабыл дау 25 маусымда басталып, 25 тамызда аяқталғанын еске сала кетейік. Биыл тегін оқуға түскісі келетіндерге арналған квоталар тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасы балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% (осы мәртебе үш жылдан кем емес болуы керек), ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды. Ұпайлар тең болған жағдайда квота санаты мен аттестаттың орташа бағасы есепке алынады.

«Қазақстанда еліміздің колледждерінде білім алуға берілетін гранттар саны жыл сайын артып келеді. Президенттің тапсырмасы аясында 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Мысалы, биылдың өзінде 52 мыңнан астам студент оқуға түсу кезінде инженерия, өңдеуші және құрылыс саласы сияқты мамандықтарды таңдады. Сонымен қатар биыл 8 мыңға жуық студент алғаш рет жұмысқа орналасу міндеттемесі бар кәсіпорындардың өтініші бойынша мақсатты оқыту аясында грант алды. Мақсатты мемлекеттік тапсырыс колледждерге еңбек нарығының сұранысы бойынша кадрлар дайындауға мүмкіндік береді. Яғни балалар оқуды аяқтаған соң бірден жұмысқа орналасады», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.