Сарапшылардың мәліметінше, ең қымбат көмір Тараз (19,5 мың теңге) бен Оралда (19,3 мың теңге) сатылған.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар көмір бағасы өсіп жатыр. Сарапшылар осындай қорытындыға келді. Олардың айтуынша, көмір бір айда 3 пайыз, бір жылда бірден 11 пайыз қымбаттады, деп жазады zakon.kz.
Energyprom.kz сайтының зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда бір жылда тас көмірдің 1 тоннасының бөлшек саудадағы бағасы 13,7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін өскен.
Сарапшылардың мәліметінше, ең қымбат көмір Тараз (19,5 мың теңге) бен Оралда (19,3 мың теңге) сатылған.
Сонымен қатар олар Қазақстанда өндірілетін көмірдің үштен бір бөлігі дерлік экспортталатынын атап өтті. Экспорт 16,3 пайызға өсті.
Қыркүйек айының басында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шұбаркөл карьеріндегі баға 2021 жылмен салыстырғанда төмендегенін хабарлады.