Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды қайта тексереді

0
819

Елде коронавирустан 35 адам кайтыс болды.


Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды қайта тексереді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Люмила Бюрабекова коронавирустан қайтыс болғандардың өліміне нақты қандай ауру себеп болғаны тексерілетіні жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Журналистер одан «13 наурыздан бастап коронавирус табылып, бірақ басқа аурудан қайтыс болғандар саны қанша, коронавирустан қайтыс болған неше адам ресми статистикаға қосылмай қалды?» деп сұраған болатын.

«Қазір барлық өңірлерде құрылға комиссия өлім жағдайларын тексеріп жатыр. Себебі, коронавирустан қайтыс болғандардың көбінің басқа да потологиялық аурулары болды. Барлық жерде профильдік мамандар тартылады. COVID-19 диагнозымен көз жұмды деп тіркелгендердің бәрін зерттеудеміз. Әзірге бізде коронавирустан ресми 35 адам қайтыс болды деп тұр. Карантин аяқтала сала, тексеріп, барлық цифрларды жариялаймыз. Расымен коронавирустан көз жұмғандар да, басқа да ауруларын коронавирустың асқындырып жіберуі әсерінен көз жұмғандар да белгілі болады», - деді Людмила Бұйрабекова.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны соңғы мәліметке сәйкес 6969 адамға жетті емделіп шыққандар – 3598, қайтыс болғандар – 35 адам.