Біртанов карантиндік шаралар жағдайды тұрақтандыруға көмектестінін айтты.
ERNUR.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі СОVID -19-тың таралуы қашан төмендейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Елжан Біртанов "Еуразия" бірінші арнасының эфирінде елдегі коронавирус бойынша қазіргі эпиджағдай туралы айтып берді.
Оның айтуынша, вирус анықталған барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
Журналистер ел тұрғындарына вирустың таралу динамикасының төмендеуін қашан күтуге болатынын сұрады. Біртанов бұл сұраққа нақты жауап жоқ екенін айтты. Бірақ басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, ол карантин Оңтүстік Корея мен ҚХР сияқты 2-3 аптаға созылатынын айтты.
Министрдің айтуынша, Еуропада да оң динамиканы байқауға болады. Оның айтуынша, 3-3,5 апта ішінде жағдай тұрақтала бастады. Біртановтың пікірінше, дәл осы карантиндік шаралар жағдайды тұрақтандыруға көмектесті.