Қазақстанда McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатты

0
783

Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланған.


Қазақстанда McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатты

ERNUR.KZ. Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын тоқтатты, деп жазады Tengrinews.kz.

Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланған.



McDonald's желісінің Instagram-парақшасында мейрамханалар қазір жұмыс істемейтіні туралы ақпарат расталды.

"McDonald's мейрамханалары техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейді. Мейрамханалар қайта қашан жұмыс істейтінін хабарлаймыз", - делінген компанияның ресми хабарламасында.