Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастар саны 27 мыңнан асты

0
598

5 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.


Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастар саны 27 мыңнан асты

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 397 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді, 43 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 27 200 адам шалдығып, 310 науқас көз жұмды, ал жазылып шыққандардың саны 5 874 жетті.