Қазақстанда TikTok бұғаттала ма

0
191

22 сәуірде Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров TikTok-та кәмелетке толмаған балаларға шектеулер енгізуді сұраған.


Қазақстанда TikTok бұғаттала ма

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Қанат Ысқақов 6 маусымда Сенатта TikTok-тың Қазақстандағы жұмысына тосқауыл қоятынын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан TikTok әлеуметтік желісін бұғаттауды жоспарламайды. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

«Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген», - деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

Сонымен қатар, ол министрлік TikTok өкілдерімен орналастырылатын контент мәселелері бойынша үнемі жұмыс істейтінін атап өтті.

22 сәуірде Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров TikTok-та кәмелетке толмаған балаларға шектеулер енгізуді сұраған.