"Цифрлық университет" моделі 4 негізгі бағыттан тұрады.
ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі саланы цифрландыру аясында цифрлық университет моделін енгізуді жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатовтың айтуынша, цифрлық университет моделін құрудың негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар арқылы университеттегі негізгі процестер мен басқару процестерін түрлендіру.
"Цифрлық университет" моделі білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелендірілген білім беру траекториялары мен курстарын, кеңістік пен форматтардың жаңа мүмкіндіктерін енгізуді көздейді.
"Цифрлық университет" моделі 4 негізгі бағыттан тұрады:
деректерге негізделген басқару жүйелері;
сандық білім беру технологиялары;
жеке білім беру траекториялары;
цифрлық экономиканың құзыреттері.
Цифрлық трансформация үшін университеттер білім беру сапасын арттырып, барлық нысандағы студенттерді ынталандыру мақсатында технологияларды пайдалануға міндетті. Білім алушыларға жеке білім беру траекторияларын құру үшін мүмкіндіктер беріп, онлайн-курстарды пайдалана отырып, желілік білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды кеңейту керек.
"Цифрлы университет" моделін іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының бірінің базасында "цифрлық университет" моделі іске асырылады.