Қазақстанда үшінші адамнан коронавирус анықталды

0
1 479

Әйел адам Миланнан ұшып келген.


Қазақстанда үшінші адамнан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда үшінші адамнан коронавирус анықталды, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазіргі таңда тағы бір науқас анықталды. Оны үшінші науқас деп айтуға болады. 12 наурыз күні ол Миланнан Нұр-Сұлтан қаласына келген. Лабораториялық анализ бойынша азаматтан коронавирустық инфекция анықталды. Ол әуежайға келген кезде бірден карантинге жатқызылды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін, олармен байланыста болған азаматтар іздестіріліп жатқанын айтқанын хабарлаған.

Еске салайық, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин елімізге қауіпті дерт 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін деп болжам жасаған.

Қауіпті індетті жұқтырған әйел 12 наурыз күні Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген.