Заң жобасы қабылданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдейді.
ERNUR.KZ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп жазады inform.kz.
Құжатта мынадай іс-шаралар қарастырылған:«Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл ретте, байланыс саласын дамыту, цифрландыруды дамыту, инновацияларды қолдау ескерілен», - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
- радиожиілік спекторын қайта қарау,
- байланыс инфрақұрылымы үшін орындарды бас жоспарға енгізу;
- виртуалды байланыс операторларының құқықтық мәртебесін енгізу;
- байланыс желілері мен құрылыстарын орналастыру орындарына операторлардың тең дәрежеде қол жеткізуін заңнамалық бекіту;
- ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарында байланыс қызметтерін субсидиялау;
- автокөлік жолдарында талшықты-оптикалық байланыс желілерін қамтамасыз етуді міндеттеу;
- геостанционарлық емес байланыс спутниктерінің жұмысын реттеу;
- жергілікті атқарушы органдарға байланыс инфрақұрылымын құру саласында қосымша құзырет беру.
«Заң жобасы қабылданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдейді. Екіншіден, байланыс қызметтерінің сапасы жақсарады, қамту аймақтары кеңейеді. Үшіншіден, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамытылады. Төртіншіден, жаңа спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды», - деді Екатерина Смышляева.