Қазақстанда жануарлар мен құстарды аулауға жаңа лимиттер белгіленді

0
212

Лимиттер әр аймаққа бөлек белгіленеді.


Қазақстанда жануарлар мен құстарды аулауға жаңа лимиттер белгіленді

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2025 жылғы 13 ақпандағы бұйрығымен 2025 жылғы 15 ақпаннан бастап 2026 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға лимиттер бекітілді, деп жазады zakon.kz.

Лимиттер әр аймаққа бөлек белгіленеді.

Жалпы, аң аулау кезінде аулауға рұқсат етіледі:

  • Қа­бан - 18 878
  • Ма­рал - 1 257
  • Елік - 14 068
  • Сібір та­у­те­ке­сі - 1 395;
  • Қоңыр аю – 185;
  • Сілеусін – 178;
  • Жа­нат тә­р­із­ді ит - 1 581;
  • Қарсақ - 15 888;
  • Түлкі - 63 516;
  • Борсық - 16 773;
  • Ақ­қіс - 6 086;
  • Бұлғын – 1 690;
  • Са­сық құ­зен - 24 237;
  • Қоян - 419 428;
  • Суыр - 292 514;
  • Он­датр - 72 764.

Сондай-ақ, құстардан аулауға рұқсат етілгендер:

  • Қаздар - 1 099 202;
  • Үйректер – 1 989 645;
  • Құр - 26 384;
  • Сұрқұр – 1 781;
  • Қырғауыл - 78 341;
  • Кекілік - 135 833;
  • Бөдене - 56 109;
  • Кептер – 128 517.

Бұдан басқа, жануарларды ғылыми мақсаттарда (аңшылық алқаптардың резервтік қорының квотасы шегінде) аулауға квоталар белгіленді, оларды 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асыру қажет.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.