Қазақстандағы халық саны 18,67 млн адамға жетті

0
3 630

Ең көп халық өсімі еліміздің 3 өңірінде байқалады.


Қазақстандағы халық саны 18,67 млн адамға жетті

ERNUR.KZ. 2020 жылғы 1 наурызындағы мәліметтер бойынша Қазақстанда халық саны 18671,9 мың адамды құрайды, деп хабарлайды Хабар24.

Оның ішінде қала тұрғындарының саны – 10932,3 мың (58,5%), ал ауыл тұрғындарының саны – 7739,6 мың адам (41,5%), деп хабарлады ҚР Статистика комитеті.

2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Ең көп халық өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (65,6 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (58,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) байқалады.