Қазақстандағы шетелдіктерге QR-коды бар карталар беріледі

0
124

QR-коды бар алғашқы карточкалар Астананың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.


Қазақстандағы шетелдіктерге QR-коды бар карталар беріледі

Фото Polisia.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанда енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электронды көптілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, деп жазады tengrinews.kz.

Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.

QR-коды бар алғашқы карточкалар Астананың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.

SafeTravel.kz-те:

  • Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған "102" мобильді қосымшасы, оның ішінде "SOS" функциясы;
  • Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;
  • Танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы;
  • Ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі;
  • Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме;
  • Түрлі оқиға кезінде әрекет ету алгоритмдері;
  • Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген.
"Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.